2025 жылғы 27 ақпанда күні колледж кітапхана залында білім алушылар арасында дойбыдан біріншілік өтті. Жарысқа жалпы 32 студент қатысып, өз шеберліктерін сынады.
Жарыс екі кезеңнен тұрды:
Іріктеу кезеңі – алғашқы турдан кейін 16 үздік ойыншы анықталды.
Финалдық кезең – қатысушылар жекелей ойнап, ұпай санына сәйкес жүлделі орындар белгіленді.
Жарыс нәтижелері: 1-орын: Нұрбек Азамат (ЖО-109 тобы)
2-орын: Жандар Арман (АГ-1089 тобы)
2-орын: Оңдасын Елжан (ЖО-109 тобы)
3-орын: Юсуп Қазбек (ВН-112 тобы)
3-орын:Абдилда Самал ВН-112 тобы)
3-орын: Кеңес Бахтияр (ВН-112 тобы)
Жарысқа белсене қатысқан ЖО-216, ВН-314, ЛПХ-210 топтарының білім алушыларына алғыс білдіреміз!
Осындай интеллектуалдық сайыстар студенттердің ойлау қабілетін дамытып, логикалық шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Келесі жарыстарда барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!