2025 жылдың 8 сәуір күні колледжімізде Ауған соғысы ардагерлерімен тәрбие сағаты аясында тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты — жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, ел қорғаған ер азаматтардың ерлігін үлгі ету болды.
Ардагерлер өз бастарынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді баяндап, соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Студенттер ардагерлердің әңгімесін ерекше қызығушылықпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Іс-шара жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел қорғау — әр азаматтың қасиетті борышы екенін ұғындырды.
Кездесуге қатысқан ардагерлер:
– Ауған соғысының ардагерлері: Шымырбаев Жандос, Мирзалиев Мұхит
– Қарулы күштер ардагері, отставкадағы полковник: Әбдібеков Мұхамбетжан