Евразийский аграрный колледж

ЕУРАЗИЯЛЫҚ АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

"Vbess HRM" өкілдерімен бірлескен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды

Колледжіміздің студенттеріне арналған халықаралық мүмкіндіктер жөніндегі кездесу өтті.
🇰🇿🇹🇷Бүгін біздің колледжде Түркиядағы серіктес ұйымымыз *Vbess HRM* өкілдерімен бірлескен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. 🤝Кездесудің мақсаты – студенттерге шетелде кәсіптік практикадан өту және жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беру.
☝️Іс-шара барысында түрік мамандары халықаралық бағдарлама талаптарын, еңбек жағдайларын, студенттерге қойылатын талаптар мен құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, студенттердің өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап беріліп, шетелде тәжірибе жинаудың артықшылықтары талқыланды.