Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет аясында Еуразия агро-техникалық колледжінің белсенді студенттері флешмоб ұйымдастырып, қоғамды зорлық-зомбылықсыз өмірге шақырды.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық санасын арттыруға, өз пікірін ашық айтуға және бір-біріне құрметпен қарауға бағытталды.
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» деген ұранмен өткен флешмоб — бейбіт, тең және қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам.