Еуразия агро-техникалық колледжі

ЕВРАЗИЙСКИЙ АГРО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Колледжіміздің 4 курс студенті Уиссимбай Ерасыл Алмасұлы «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша өткен өңірлік WorldSkills Zhetysu 2026 чемпионатында жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, І орын иеленді. 🥇
Жетекшісі — арнайы пәндер оқытушысы Джулушева Г.Ю.
Аталған чемпионат жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибелік дағдыларын шыңдауға бағытталған маңызды алаң болып табылады. Чемпионат барысында студентіміз өз білімін, жауапкершілігін және мамандыққа деген қызығушылығын жоғары деңгейде дәлелдей алды.
Жеңімпаз студентімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік жетістіктер мен кәсіби табыс тілейміз!