ЖО-109 тобымен «Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс» тақырыбы бойынша ашық математика сабағы өтті. Сабақта тригонометриялық функциялардың кері мәндері мен олардың қасиеттері тереңдетіп қарастырылды. Студенттер арксинус, арккосинус, арктангенс, және арккотангенс функцияларының анықтамалары, қасиеттері және есептерде қолдану жолдары туралы білімдерін кеңейтті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, есептерді шешу барысында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті және студенттердің білімдерін одан әрі дамытуға септігін тигізді.
Ашық сабақты өткізген: Толқын Гилымовна