Қазақстанның тәуелсіздігі құтты болсын!
Бұл – азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы орындалып, еліміздің егемендігі жарияланған қасиетті күн. Осы мерекеге орай, біздің колледжімізге желтоқсан көтерілісінің қаһармандары қонаққа келді. Олар өз ерліктерімен, батылдықтарымен, және ұлтжандылықтарымен бізге үлгі болып, Тәуелсіздік жолында төгілген тер мен қанның мәнін түсіндіріп, жастарға өнеге боларлық әсерлі әңгімелер айтып берді.
Бұл кездесудің маңызы ерекше, себебі желтоқсаншылардың қайсарлығы мен рухы бізге ұлттық құндылықтарды бағалап, ел болашағы үшін еңбек етуге шабыт береді. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!



