«Таза Қазақстан» акциясы
Еуразия агро-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына белсене қатысты.
🌿 Акцияның мақсаты – табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндеу.
🧹 Іс-шара аясында колледж аумағы мен жақын маңдағы аймақтар тазаланып, сенбілік ұйымдастырылды.
🔹 Тазалық — денсаулық кепілі!
🔹 Таза табиғат — ұрпаққа аманат!