Бүгін колледжде қыздар арасында волейбол жарысы өтті. Жарыс өте тартысты да қызықты болды. Командалар жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Қорытындысында І орынды ЛГ-111 тобы иеленді. ІІ орынға ВН-117 тобы тұрақтады. Ал ІІІ орынға ЖО-102 тобы лайықты деп танылды. Жарысқа қатысқан барлық топтар белсенділік танытып, спорттық рух пен бірлікті көрсетті. Бұл сайыс студенттердің достығы мен ынтымағын арттырды.