Евразийский аграрный колледж

ЕВРАЗИЙСКИЙ АГРО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

«Жалындаған жастық шақ» атты сурет көрмесі
Еуразия агро-техникалық колледжінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және жастық шақтың жарқын сәттерін насихаттау мақсатында «Жалындаған жастық шақ» атты сурет көрмесі өтті.

🔹 Көрмеге студенттердің өз қолымен салған суреттері қойылып, олардың өнерге деген ынтасы мен дүниетанымы айқын көрінді.
🔹 Әр туындыда — арман, үміт, шабыт пен жалын атқан жастықтың ерекше лебі сезілді.

🎨 Бұл көрме — жастардың ішкі жан дүниесін, көркемдік көзқарасын танытатын тамаша алаңға айналды.