Ерте жүктіліктің алдын алу – маңызды қадам!
Еуразия агро-техникалық колледжінде 1-курс қыз студенттеріне арналған түсіндірмелік семинар өтті.
Алматы қаласы МТДО жанындағы Жастар және отбасы денсаулығы орталығынан арнайы келген гинеколог-дәрігер Септенова Қарлығаш Мұратқызы маңызды тақырыптар бойынша кеңес берді.
👩⚕ Семинар барысында:
▫ Ерте жүктіліктің қауіптілігі мен салдары
▫ Жыныстық саулық және жеке гигиена
▫ Өмірлік дұрыс таңдау жасау туралы айтылды.
🔹 Қыздарға пайдалы кеңестер беріліп, өздерін қорғау жолдары түсіндірілді.
🔹 Ашық сұхбат форматында өткен шарада студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.