Республика күніне орай эссе байқауы өтті!
Еуразия агро-техникалық колледжінде Республика күніне арналған «Қазақстан – менің болашағым» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға ЛХ-110 топ 1 курс студенттері белсене қатысып, өз ойларын, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жүрекпен жазып жеткізді.
✍ Шығармаларда:
▫ Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері
▫ Болашаққа деген сенім
▫ Жастардың ел дамуына қосатын үлесі кеңінен баяндалды.
🔹 Үздік деп танылған студенттер марапатталып, алғыс хаттар табысталды