Еуразия агро-техникалық колледжінде 1-курс ВН-117/118 топтарының студенттері үшін құқықтық сағат ұйымдастырылды.
🔹 Тақырыбы: «Медиақауіпсіздік әлемінде – Кибербуллинг» 
🔹 Жетекші: оқытушы Данияр Галымжанович
Іс-шара барысында кибербуллинг ұғымы, оның түрлері, салдары және одан қорғану жолдары талқыланды. Студенттер әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, өз құқықтарын білу маңыздылығын ұғынды.
📲 Мақсат – жастардың медиасауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде жауапты әрекет етуге тәрбиелеу.