Еуразия агро-техникалық колледжінде 1-курс ЛХ-110 тобының студенттерімен психолог маман адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында тренинг өткізді.
🔹 Тақырыбы: «Әдептілік — әдемілік белгісі» 
🔹 Мақсаты — студенттердің бойында әдептілік, адамгершілік, өзара құрмет және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар мен пікірталас ұйымдастырылып, жастардың жеке тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды.
📘 Іс-шара студенттерге ой салып, әдеп пен мәдениеттің маңыздылығын ұғынуға себеп болды.