Еуразия агро-техникалық колледжінің 1-курс студенттері «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауына ризашылық білдіру мақсатында ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Бұл игі бастама – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосумен қатар, жақсылыққа жақсылықпен жауап берудің жарқын үлгісі болды.
🌿 Студенттер табиғатқа қамқор болудың маңызын түсініп, өз қолдарымен болашаққа жасыл естелік қалдырды.