Евразийский аграрный колледж

ЕВРАЗИЙСКИЙ АГРО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Бүгін біздің колледждің студенттері Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өткен Орта Азиялық халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып қайтты. Көрменің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен, заманауи жабдықтармен және инновациялық шешімдермен танысу болды. Студенттер өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, болашақта маман ретінде қалай дамуға болатынын терең түсінді. Сонымен қатар, түрлі компаниялар мен фермерлік шаруашылық өкілдерімен пікір алмасып, кәсіби байланыстар орнатты.