Бүгін 04.11.2025ж біздің колледжде ағылшын және қытай тілдерін үйретуге бағытталған «Білім беру орталығының» ашылу рәсімі өтті.Іс-шара барысында студенттерге арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл орталық жастардың тілдік қабілетін дамытып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға зор мүмкіндік береді.