Еуразия агро-техникалық колледжінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әңгіме жанрының хас шебері Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған «Әңгіменің хас шебері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
🎓 Сабақ барысында студенттер жазушының өмір жолы мен шығармаларын терең талдап, көркем тіл ерекшелігін, қоғамдық ой-толғамдарын талқылады.
📖 Әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеген бұл шара студенттерге ерекше әсер қалдырды.