Бүгін колледжімізде кезекті учаскелік полиция инспекторымен 2-3 курс студенттері арасында кездесу өтті.
👮 Құқық қорғау органы өкілдері жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, кибербуллинг, қоғамдық тәртіп және жеке қауіпсіздік туралы кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
🎓 Студенттер үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу өз нәтижесін беріп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Қанат Қазбекович пен Мадина Джумакажаевнаға колледж ұжымы атынан көрсеткен қолдауы мен студенттерге пайдалы ақпараттары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің еңбектеріңіз жастар тәрбиесінде үлкен рөл атқарады.