Еуразия агро-техникалық колледжінің «Ветеринария» пән бірлестігінің оқытушысы Көшкімбаев Серік Сейдимханович пен ВН-117 тобының қатысуымен, арнайы мамандықты насихаттау және жануарлар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында Алматы қаласы, Риксос Қазақстанда ветеринарлар құрылтайы өтті.
🔬 Бұл конференцияда сала мамандары тәжірибе алмасып, ветеринарияның болашағы мен өзекті мәселелері талқыланды. Студенттер үшін үлкен тәжірибе алаңы болған бұл шара мамандыққа деген қызығушылықты арттырды.
Дені сау мал – берекелі болашақ!