Евразийский аграрный колледж

ЕВРАЗИЙСКИЙ АГРО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

«Техника–экономика және бағдарламалық қамтамасыз ету» пән бірлестігінің онкүндігінің ашылуы

Оқу ордамызда декаданың жұмыс жоспарына сәйкес «Техника–экономика және бағдарламалық қамтамасыз ету» пән бірлестіктерінің онкүндігі өткізілуде.

 Онкүндіктің негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге қызығушылығын дамыту, сондай-ақ педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Онкүндік аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, пәндік сайыстар, интеллектуалдық ойындар, практикалық тапсырмалар, дөңгелек үстелдер, саяхаттар мен кедесулер, сонымен  қатар, қанақ  дәрістер ұйымдастырылады. Іс-шаралар барысында техника-экономикалық бағыт пен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, инновациялық оқыту әдістері таныстырылады.

Аталған онкүндік білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.