«Техника–экономика және бағдарламалық қамтамасыз ету» пән бірлестігінің онкүндігі аясында мамандықтар бойынша көрме ұйымдастырылды
Көрмеде білім алушылар өздерінің кәсіби бағыттары бойынша дайындаған жұмыстарын ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Әр мамандықтың ерекшелігі мен маңыздылығы кеңінен таныстырылып, заманауи технологиялар мен жаңашыл идеялар назарға ұсынылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің қызығушылығын арттыру, болашақ мамандықтарына деген ынтасын нығайту және тәжірибелік білімдерін дамыту.
Көрме жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды.