Атымтаева Б.Е. ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) Агроинженерлік факультетінің оқытушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер оқытушылармен еркін сұхбаттасып, мамандықтың қыр-сырын тереңірек танып, болашақ мүмкіндіктер туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, қатысушылар университет музейіне саяхат жасап, оқу орнының тарихы мен жетістіктерімен танысты.
Іс-шара білім алушыларға үлкен мотивация беріп, кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті.