Бүгін біз технико-экономика және ақпараттық қамтамасыз ету бірлестігінің он күндік декадасын қорытындылап отырмыз. Бұл декада – барлығымыз үшін маңызды әрі мазмұнды кезең болды деп сеніммен айта аламын.
Осы он күн ішінде ашық сабақтар, сайыстар, тренингтер мен түрлі танымдық іс-шаралар өткізілді. Студенттер өз білімін көрсетіп, белсенділік танытты, ал оқытушылар кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық ізденіс таныта білді.
Бүгінгі заман – техника мен ақпараттық технологиялар, экономика мен инновация заманы. Сондықтан сіздер, болашақ мамандар, тек теориямен ғана шектелмей, тәжірибе жинақтап, өз мамандықтарыңызды терең меңгерулеріңіз қажет. Осы декада соған бір қадам жақындатты деп ойлаймын.
Осы орайда декаданың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша оқытушыларға, ұйымдастырушыларға және белсенді студенттерге шынайы алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта да бірлестігіміз сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті, өз ісінің шебері болатын мамандарды дайындау жолында аянбай еңбек ете береді.
Баршаңызға зор денсаулық, оқуда және еңбекте табыс тілеймін!