Евразийский аграрный колледж

ЕВРАЗИЙСКИЙ АГРО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамауға баулу.

Көрсетілім барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік мәселелері қамтылған деректі фильмдер ұсынылды. Фильмдер оқушыларға терең ой салып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шара соңында білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында пікір алмасты. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады.