Колледжімізде Алғыс айту күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекенің мақсаты – бір-біріне құрмет пен ризашылық білдіру, достық пен бірлікті нығайту. Білім алушылар мен оқытушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыс сөздер айтты.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, мерекелік атмосфера орнады.
Осындай іс-шаралар мейірімділік пен өзара сыйластықты арттырып, ұжымда жағымды көңіл-күй қалыптастырады.