Колледжде кураторлық сағат өтті, тақырыбы – «Лазер қауіпі және қылмыстық жауапкершілік».
Іс-шараның мақсаты – студенттерге лазерлік құрылғылардың қауіптілігі туралы хабарлау, олардың заңға сәйкес қолданылуы, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінік беру.
Куратор студенттерге лазермен байланысты ықтимал қауіптерді, жарақат алу қаупін және заң бойынша қарастырылатын қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді. Сонымен қатар, студенттермен тәжірибелік мысалдар талқыланып, өз әрекеттерін қауіпсіз орындау жолдары көрсетілді.
Кураторлық сағат студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және заңға бағынуға үйретуге бағытталды.