Колледжде Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Студенттер мен оқытушылар бір-бірін құттықтап, «Наурыз кутты болсын!» деген жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара барысында ұлттық киімдер көрсетілімі, ұлттық ойындар, әндер мен билер, сондай-ақ дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Студенттер белсенді қатысып, шығармашылық өнерлерін көрсетті, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Мұндай шаралар ұжымдағы бірлікті нығайтып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және студенттердің мәдени дамуына үлес қосады. Наурыз мерекесі колледжде жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіліп, студенттерге позитивті эмоциялар мен қуаныш сыйлайды.