🩺 12–16 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы аясында колледжімізде түрлі ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін колледжімізде 1 курс қыздарымен дәрігердің қатысуымен арнайы жиналыс өткізілді. Кездесу барысында қыз балалардың денсаулығы, жеке гигиена, дұрыс тамақтану, ерте жастағы аурулардың алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау туралы маңызды ақпараттар айтылды.
👩⚕️ Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәрігерден пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді.
💙 Денсаулық — әр адамның ең басты байлығы!