Бұл шараның басты мақсаты – жас педагогтарды білім беру саласына бейімдеу, әдістемелік жұмысқа ыңғайлы жағдай жасау, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жол ашу болды.
Семинар барысында жас мамандарға педагогикалық әдеп, кәсіби дағдыларды қалыптастыру және тәлімгерлік тәжірибені меңгеру бағытында маңызды кеңестер берілді.
Мұндай іс-шаралар жас мамандардың кәсіби өсуіне серпін беріп, ұстаздық жолда өз орнын табуына мүмкіндік жасайды.

