Евразийский аграрный колледж

ЕВРАЗИЙСКИЙ АГРО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Колледжімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын 1 курс студенттері арасындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтті. Спорттық шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, командалық рухты дамыту және жаңа студенттер арасында достық қарым-қатынас орнату болды.

Жарысқа әр топтан жасақталған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Әр команда өз шеберлігін, дайындық деңгейін және ұйымшылдықты көрсете білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *