Сабақ республикалық «Қазақстан — тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында (18.05.2026 – 08.06.2026) өткізілді.
Іс-шараға ЖО-109 тобы қатысты.
Куратор:Алик Ұлдана.
Оқушыларға қауіпсіздік, отбасы құндылығы және бақытты өмірдің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның қоғам мен адам өміріне тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, өз құқықтарын білу мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, қауіпсіз орта қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және салауатты, бақытты өмір салтын насихаттау.
Маңызы – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы көзқарас қалыптастыруға, өзара сыйластықты нығайтуға және қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды дамытуға ықпал ету.